ҰЛТТЫҚ БІРЕГЕЙЛІК ПЕН ЭТИКАЛЫҚ ДИЛЕММАЛАР: МҰХТАР МАҒАУИН ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ РУХАНИ МӘДЕНИЕТ КОНТЕКСТІ
Аннотация
Бұл мақалада Мұхтар Мағауин шығармаларындағы ұлттық бірегейлік пен этикалық дилеммалар рухани мәдениет контексінде философиялық тұрғыда талданады. Зерттеу жазушы прозасын тарихи жады, моральдық таңдау және рухани жауапкершілік тоғысатын күрделі этикалық модель ретінде қарастырады. Мағауин шығармаларындағы кейіпкерлердің таңдауы дәстүр мен заман талабы, ар-ождан мен бейімделу, еркіндік пен жауапкершілік арасындағы қайшылықтар арқылы ашылады.
Зерттеуде «Тазының өлімі», «Көк мұнар», «Бір атаның балалары», «Сары қазақ», «Мен» шығармалары герменевтикалық және аксиологиялық әдістер негізінде талданып, ұлттық болмыстың көркем мәтінде қалай этикалық категорияға айналатыны айқындалады. Жазушының көркем әлемінде ұлттық бірегейлік дайын күйінде берілмей, жеке тұлғаның моральдық таңдауы мен рухани ұстанымы арқылы қалыптасатын құндылық ретінде сипатталады.
Мақала нәтижелері Мұхтар Мағауин шығармашылығының қазақ қоғамындағы рухани дағдарыс, тарихи жадының үзіліуі және мәдени сабақтастық мәселелерін түсіндірудегі философиялық әлеуетін айқындайды, сондай-ақ оның прозасының қазіргі гуманитарлық зерттеулер үшін маңызын көрсетеді. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелері халық білімін философиялық тұрғыда талдаудың әдіснамалық мүмкіндіктерін кеңейтіп, қазақ прозасындағы этикалық ойлаудың көркемдік формаларын анықтауға негіз болады.
Кілтті сөздер: ұлттық бірегейлік, этикалық дилемма, тарихи жады, мәдени жады, рухани мәдениет, мораль философиясы, Мұхтар Мағауин.
Автор
Рамазанова Адия Чапаевна
Кикимбаев Мейрам Жумабекович
Атымтаева Ақниет Жақанқызы
Шыныбеков Болат Шамкенович
DOI
10.48081/BGQF1872
Ключевые слова
ұлттық бірегейлік
этикалық дилемма
тарихи жады
мәдени жады
рухани мәдениет
мораль философиясы
Мұхтар Мағауин
Год
2026
Номер
Выпуск 1