БЕКАСЫЛ БИБОЛАТҰЛЫНЫҢ ӘУЛИЕЛІК ФЕНОМЕНІНЕ МӘДЕНИ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАС
Аннотация
Қазақстандық қоғамның рухани болмысы ұлттың өзінің тарихи қайнарларын іздеуінен және тарихи субъектілігін дәлелдеумен байланысты орын алады. Сондықтан кез келген ұлттың тарихи зердесі қаншалықты жойылып, өзінің маңызынан айырылғанымен, оның өз болмысына оралуы, бөгденің санасымен сыналуы орын алады. Сондықтан мақалада Бекасыл Биболатұлының тарихи мұрасы мәдениет философиясының әдіснамалық призмасы арқылы зерттелді. Бекасыл Биболатұлы Өңтүстік Қазақстан аумағын мекендеген халықтар үшін діни және мистикалық қабілетке ие, сакральды тұлғалардың бірі. Себебі Бекасыл Биболатұлының тұлғалық сана-сезімі қазақ елінің патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды отарлау саясатымен тұспа-түс келуімен қатар, оның қоғамдық болмысына, рухани кеңістігіне уақыт иірімдері арқылы төнген экзистенциялдық қауіптерге жауап ретінде қалыптасқан. Сондықтан мақалада Бекасыл Биболатұлының (1822-1915) тұлғалық пішімделуіне, рухани болысына қатысты қабілеттерінің қалыптасуына Сайрам, Қарнақ, Ташкент, Самарқанд, Бұқара, Дамаск қалаларындағы медреселерден алған білімінің ықпалы мен маңызы сараланады. Сонымен қатар, Бекасыл Биболатұлының білім алған көне медреселердің жүйесі бойынша жасалған визуалды карта алғаш рет баспаға ұсынылып, сол карта негізінде медреселердің мәні мен маңызы қарастырылады.
Визуалды карта негізінде Қазақстан аумағында орналасқан Испиджаб (Сайрам), Яссы (Түркістан), Қарнақ қалалары жөнінде сақталған деректер сол кезеңдерде өмір сүрген ойшылдар мен қоғам қайраткерлерінің ғұмырымен сабақтастырылады. Аталған визуалды картаның негізінде Бекасыл Биболатұлының ғылыми жолының сатылық жоғарылау құрылымы жүйеленді.
Бекасыл Биболатұлының даналық қабілетінің қалыптасу себептерін айқындау мақсатымен жүргізілген далалық зерттеулер нәтижесінде жинақталған деректер көне қалалар жөнінде зерттеулер жүргізген отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеулерімен сабақтастырылады. Сонымен қатар, Испиджаб, Яссы, Қарнақ қалаларының қазіргі таңдағы зерттелу деңгейі мен өз заманындағы уақыт рухы зерделенетін болады. Мақалада аталған көне қалалардың географиялық орналасуы мен саяси басымдықтары, ондағы білім, дін ошақтарының қалыптасу мәселелері зерттеледі. Зерттеуші ғалымдардың еңбектері негізінде Ахмет Яссауидің Испиджабтан Яссы қаласына қоныс аударуы салдары мен себептерін анықталды. А. Хабибуллаевтың Қарнақ елдімекені жөніндегі деректері негізінде Қозы Ишанның қалыптастырған медресесі негізге алынды. Көне қалалардың қазіргі уақыттағы зерттелуі деңгейі мен зерттеушілердің назарынан тыс қалған тұстары сараланып, аталған мәселелердің отандық ғылым үшін маңызы зерделенеді.
Автор
Өмірбай Абзал
Еркінұлы Талғат
DOI
10.48081/XJKZ6193
Ключевые слова
мәдениет философиясы, феномен, руханилық, метафизикалық таным, сакралдылық.
Год
2025
Номер
Выпуск 4