Торайғыров университетінің хабаршысы
Гуманитарлық серия
Торайғыров университетінің хабаршысы
Мақаланы беруге арналған нұсқаулық

Атауы: журнал, Торайғыров университетінің хабаршысы. Гуманитарлық сериясы / Вестник Торайгыров университета. Гуманитарная серия / Bulletin of Toraighyrov University. Humanities series

Мақсаты: гуманитарлық ғылымдардың дамуына жәрдемдесуге, қоғамдық өмірдің идеялық, ғылыми және этикалық құрамдас бөлігін кеңейтуге және нығайтуға, сонымен қатар қазіргі заманның өзекті мәселелерін шешуге ықпал етуге арналған. Жарияланған мақалалардың пәндік салалары: Тарих, Философия, Саясаттану, Әлеуметтану, Мәдениеттану. Іргелі теориялық және қолданбалы гуманитарлық ғылымдар саласындағы ғалымдар өз зерттеулерінің нәтижелерін еліміздегі басымдыққа ие басылымдардың бірінде жариялау мүмкіндігіне ие болды.

Басым бағыттар:

  1. Тарих
  2. Философия
  3. Әлеуметтану
  4. Мәдениеттану
  5. Саясаттану.

Кезеңділігі: тоқсанына 1 рет

Меншік иесі: «Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Баспа тілі: қазақ, орыс, ағылшын, неміс

Таралым аумағы: Қазақстан Республикасы, жақын және алыс шетел елдері

Басылым: онлайн

Гуманитарлық серия 1997 жылдан бері шығарылады. 2021 жылға дейін журнал «Вестник ПГУ» деп аталды. Гуманитарлық серия. ISSN 2710-3439

Басылым Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Қайта есепке қою туралы куәлік № KZ32VPY00110518, 23.01.2025 ж.

 

Біздің серіктестер