Журналдың редакциялық саясаты

Баспагер: «Торайғыров университетi» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Басылым сериялық басылымдарды тіркеу жөніндегі ISSN (ЮНЕСКО, Париж қ., Франция) Халықаралық орталығында тіркелген

Журналдың редакциялық саясаты

«Торайғыров университеті Хабаршысы», «Қазақстан ғылымы мен техникасы», «Өлкетану» ғылыми-көпшілік журналдары қазіргі заманғы ғылымды дамытудың стратегиялық бағыттарын әзірлейтін университеттердің қазақстандық және шетелдік профессор-оқытушылар құрамына, докторанттарға, магистранттар мен студенттерге арналған.

Ғылыми журналдарда қазіргі ғылымның ең өзекті мәселелері және экономика және басқару, заңтану, философия, саясаттану, әлеуметтану, филология, психология, педагогика, математика, физика, ақпараттық технологиялар, химия, металлургия, машина жасау, көлік, құрылыс, биология, ауыл шаруашылығы және т. б. білімнің түрлі салаларындағы іргелі зерттеулердің нәтижелері талқыланатын мақалалар жарияланады.

Журналдың мақсаты қазақстандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми білім алмасуын кеңейту және мамандар мен жұртшылықты ғылыми зерттеулердің ғылыми-практикалық нәтижелерімен ақпараттандыру.

«Торайғыров университеті Хабаршысы» ғылыми журналы 1997 жылдан бастап шығарылады. 2001 жылға дейін «ПМУ ғылыми жазбалары» деген атпен жарық көрді. 2020 жылға дейін «ПМУ Хабаршысы» деген атпен танымал болды. 2020 жылы «С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК «Торайғыров университеті» КеАҚ болып қайта құрылуына байланысты ПМУ Хабаршысы ғылыми журналы университет Хабаршысы болып өзгертілді. Негізгі тақырыптық бағыты – ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялау. Торайғыров университеті Хабаршысы ғылыми журналы ғылыми зерттеулер бағыттары бойынша 8 серияда шығарылады.

«Қазақстан ғылымы мен техникасы» ғылыми журналы және «Өлкетану» ғылыми-көпшілік журналы 2001 жылдан бастап шығарылады.

Басылым: онлайн

Басылым тілі: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, неміс тілі.

Мерзімділігі: жылына 4 рет

«Өлкетану» жылына 2 рет

Ашық қолжетімділік саясаты

«Торайғыров университеті Хабаршысы», «Қазақстан ғылымы мен техникасы», «Өлкетану» ғылыми-көпшілік журналы ашық қолжетімді журналдар болып табылады. Нөмір шыққаннан кейін журнал «Интернет» желісінің барлық пайдаланушыларына жарияланған материалдарға еркін қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Жарияланымдар авторлар мен «Интернет» желісінің өзіне қосылуды қажетсінбеген тұлғалардан басқа журнал оқырмандарына шектеусіз қолжетімді. Пайдаланушылар баспагердің немесе автордың алдын-ала келісімінсіз жарияланымның толық мәтінін оқи, зерделей алады, жүктей алады, басып шығара алады, көшірмесін жасай алады, тарата аладыды, сілтеме жасай алады немесе оларды заңға қайшы келмейтін басқа мақсаттарда қолдана алады.