ҒЫЛЫМИ ТЕОРИЯЛАР ЖӘНЕ РЕАЛДЫҚ: ПОППЕР, КУН ЖӘНЕ ЛАКАТОШ КӨЗҚАРАСТАРЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ ЗЕРТТЕУ
Аннотация
Бұл мақалада ғылыми теориялар мен реалдықтың өзара байланысы мәселесі ХХ ғасырдың көрнекті ғылым философтары – К. Поппер, Т. Кун және И. Лакатош еңбектерінің негізінде кешенді түрде талданады. Зерттеудің басты мақсаты – ғылымның даму логикасын, оның реалдықты бейнелеу қабілетін және ғылыми рационалдылықтың тарихи эволюциясын түсіндіруде аталған ойшылдардың көзқарастарын салыстыра қарастыру. Поппер ұсынған фальсификационизм тұжырымдамасы ғылыми теориялардың ақиқатқа жақындау процесін сыни тексеру мен теріске шығару қағидасы арқылы түсіндіреді. Ал Т. Кун ғылым дамуын біртұтас сызықтық эволюция емес, «қалыпты ғылым» мен «ғылыми революциялар» арасындағы ауысулар арқылы жүретін парадигмалық өзгерістер жүйесі ретінде сипаттайды. Лакатош болса осы екі тұжырымдаманы біріктіріп, ғылыми зерттеу бағдарламалары әдіснамасын ұсынды, онда ғылым дамуының рационалды әрі тарихи сипаты үйлестіріледі.
Мақалада әрбір философтың реалдықты түсіндіру тәсілі, ғылыми ақиқаттың шарттары және ғылыми білімнің қоғаммен байланысы тұрғысынан айырмашылықтары мен ортақ бағыттары көрсетіледі. Авторлар көзқарастарын салыстыра отырып, ғылыми теориялардың тарихи және әлеуметтік контекстісін ашуға баса назар аударылады. Нәтижесінде, ғылыми танымның дамуы үздіксіз эволюциялық сипатта жүретінімен қатар, оның мазмұны үнемі теориялық және әдіснамалық өзгерістерге ұшырап отыратыны дәлелденеді. Лакатоштың бағдарламалық моделі Поппер мен Кун идеяларының синтезі ретінде қарастырылып, қазіргі ғылым философиясындағы рационалдылық пен релятивизм арасындағы тепе-теңдікті табуға мүмкіндік беретіні тұжырымдалады.
Автор
Нұрышева Гүлжиһан Жұмабаевна, Танатарова Махаббат Касымовна
DOI
https://doi.org/10.48081/BTOUH3.2026/90-110
Ключевые слова
ғылыми теория, реалдық, фальсификационизм, парадигма, зерттеу бағдарламасы, ғылыми рационалдылық, эпистемологиялық релятивизм.
Год
2026
Номер
Выпуск 3