ҚАЗІРГІ МӘДЕНИЕТТАНУЛЫҚ ОЙДАҒЫ ПОСТМОДЕРНИЗМНІҢ МӘНІ
Аннотация
Мақала қазіргі мәдениеттанулық ойдағы постмодернизмнің мәнін анықтау мәселесіне арналған. Бұл мақаланың міндеті – постмодернизмнің көптеген анықтамаларын, түсініктері мен сипаттамаларын талдау. Бұл мәселені шешу үшін авторлар постмодернизм мен постмодерннің белгілі анықтамаларына, олардың айырмашылықтары мен ортақ белгілеріне жүгінеді. Авторлар постмодернизмнің мәнін, оның пайда болуын, модернмен қарым-қатынасын анықтауда Ихаб Хассан, Кевин Харт, Илья Ильин сияқты мәдениет теоретиктерінің бірқатар тұжырымдамаларын талдайды.
Макалада отандық ғалым Бекет Ғалымжанұлы Нұржановтың еңбектеріндегі постмодернизм мәселесін зерттеуге ерекше көңіл бөлінеді. Авторлар Б. Г. Нұржановтың «үлкен» философиямен қатар өмір сүретін «кіші философия» ретінде берген постмодернизмнің тұжырымдамалық анықтамаларына жүгінеді. Б. Г. Нұржановтың көзқарастарын талдау кезінде постмодернизмнің визуалды өнер ретіндегі (қазіргі мәдениетте медиакоммуникация және компьютерлік технологиялармен байланысты), заманауи және постмодерндік байланыстар, әлемді визуалды қабылдаудың жалғасы, постмодернизм мен жаһандану мәнінің өзара байланысы сияқты даму ерекшеліктерін аталып өтті.
Постмодернизмнің мәнін анықтау мәселесін зерттеу қазіргі мәдениеттің құбылыстарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.
Автор
Смагулова Б.Т.
Альмуханов С.Х.
DOI
https://doi.org/10.48081/CRBI2734
Ключевые слова
постмодернизм, постмодерн, модернизм, «кіші» философия, өнердің көрнекілігі, жаһандану
Год
2022
Номер
Выпуск 3